×

Алматыда мұғалім сабақ үстінде оқушыларға дінді насихаттаған (ВИДЕО)

Сондай-ақ бір сынып оқушыларына түгел діни ән орындатып қойды

 Еркеғали Болатұлы 08.12.2022 | 15:58
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Әлеуметтік желіде Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалімнің сабақ үстінде дінді насихаттағаны туралы видео тарады. Бейнежазбаға байланысты қалалық білім басқармасы түсінік берді.

Бейнежазбадан мұғалімнің үш ұл баланы тұрғызып қойып «Дініңіз не? Кітабыңыз не? Мұсылманбысыз? Қай кезден бастап мұсылмансыз? Мұхаммед пайғамбарымыз қай жерде өмірге келді? Мұхаммед пайғамбарымызға пайғамбарлық неше жасында қонды?..» дегендей сұрақтар қойып, бір сынып оқушыларына түгел діни ән орындатып отырғанын көруге болады.

Қалалық білім басқармасы видеоның Алматы мектептерінің бірінде түсірілгенін растады.

«Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал мектеп – зайырлы оқу орны. Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында сабақ өткізуге міндетті. Басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімге шара қолданылады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама