Ақтөбе мен Шығыс Қазақстанда есірткі арналары жойылды

Халық үні

Есірткі арналарын ҰҚК жойды

фото: ҰҚК

2022 жылғы 23 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі Қазақстан азаматын «интернет-ресурстар арқылы психотроптық заттарды өткізді» деген күдікпен ұстады. Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 1,7 кг-дан артық «мефедрон» және «α-PVP» психотроптық заттары алынды.

Биылғы 25 ақпанда есірткі тобының тағы екі қатысушысы ұсталды. Олардан тінту кезінде 2,8 кг-дан артық синтетикалық есірткі алынды, – дейді ҰҚК.

Сонымен қатар биылғы 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында «Алматы қаласынан Өскемен қаласына есірткі тасымалдады» деген күдікпен азамат ұсталды. Тергеу іс-қимылдарында заңсыз айналымнан 1,2 кг психотроптық зат алынды. Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 114 млн теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.

«Осы фактілер бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ақтөбе және Өскемен қалаларында тергеу соттары көрсетілген адамдарға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген ақпаратта.