Қылмыс жасаған 17 шетел азаматы бостандыққа шықты
Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзияев ел Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне шын өкінген және түзелу жолына қадам басқан бір топ адамдарға рақымшылық жасау туралы» жарлыққа қол қойды.
Қаулыға сәйкес, жасаған қылмыстары үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және пробация органдарында жазасын өтеп жатқан және жасаған әрекетіне шын өкініп, шешімді түрде түзелу жолына нық қадам басқан 402 адамға кешірім жасалды.
Рақымшылық жасалғандардың 128-і негізгі жазадан толық босатылса, 201-і жазаны өтеу мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. 15-і жеңілірек жазаға ауыстырылды. Сондай-ақ 58 адамға тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы қысқартылды.
Кешірім жасалғандардың 17-сі – шетел азаматтары, 63-і – әйелдер, 26-сы – 60-тан асқан, 19-ы – тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан адамдар.
Жарлықтың орындалуына қатысты рақымшылық жасалған азаматтардың отбасы мен туған-туыстарына оралуына, қоғамдық өмірге бейімделуіне, пайдалы еңбекпен айналысуына, саламатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамда лайықты орнын табуға көмектесу бойынша жауапты министрліктер мен ведомстволарға тиісті тапсырмалар берілді.