Halyq Uni логотип
×

Екібастұзда жылу жүйесі 15 желтоқсанға дейін қалпына келтіріледі

Президент жаңадан тағайындалған облыс әкімдеріне ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды

 Халық үні 08.12.2022 | 12:50
Екібастұзда жылу жүйесі 15 желтоқсанға дейін қалпына келтіріледі
Фото: pavlodarnews.kz

Екібастұзда жылу жүйесі 15 желтоқсанға дейін қалпына келтіріледі. Бұл туралы ел президентінің қабылдауында болған Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы бірқатар облыстың әкімін қабылдады.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз ЖЭС-інің жылу желілеріндегі апаттың салдарын жоюға бағытталған шаралар жөнінде есеп берді.

Оның айтуынша, Екібастұз қаласының жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары 15 желтоқсанға дейін аяқталады.

Кездесуде облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымы мен тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Қасым Жомарт Тоқаевқа Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады. Инвестициялық жобалардың және Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өңірді дамыту жоспары мен берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде президентке мәлімет берді.

Құмар Ақсақалов Қостанай облысының қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріп, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық өсім мен инвестиция тарту жөнінде баяндады.

Сонымен қатар әкім президентке Қостанайда өтетін ХІХ өңіраралық форумға дайындықтың басталғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған облыстардың әкімдеріне өңірлерді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсету арқылы ауылдардың өркендеуін қамтамасыз етуді, инфрақұрылымдарды жаңғыртып, көлік-логистикалық ахуалды жақсартуды тапсырды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама