Қарағанды облысының әкімі ауысты

Халық үні

Жеңіс Қасымбек 2019 жылдан бері облыс әкімі қызметін атқарды

Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысының әкімі ауысты. Енді бұл қызметті Ермағанбет Бөлекпаев атқарады, деп хабарлады Ақорда.

Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, делінген президент жарлығында.

Қарағанды облысының әкімі лауазымына Ермағанбет Бөлекпаев және Сержан Аймақов үміткер болды.

Айта кетейік, Жеңіс Қасымбек 2019 жылдың 19 қыркүйегінен бері Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарды.

ЕРМАҒАНБЕТ БӨЛЕКПАЕВ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Ермағанбет Бөлекпаев 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданы Успенка ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды қаласының әкімі болды.