Halyq Uni логотип
×

Алматыда 250 адамға лайықталған онкология орталығы салынады

«Шығыс қақпасы» полиорталығының аумағында 2 ауқымды жоба іске асырылады

 Халық үні 08.12.2022 | 10:45
Алматыда 250 адамға лайықталған онкология орталығы салынады
Фото: vlast.kz

Алматыда жаңа онкология орталығы салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әкімнің айтуынша, 2023-2024 жылдары «Шығыс қақпасы» полиорталығының аумағында 2 ауқымды жобаны іске асыру жоспарланған. Олар – онкология орталығы бар 250 адамға арналған көпбейінді аурухана және Бұқтырма көшесі бойында СПИД орталығы бар 250 адамға лайықталған паллиативтік көмек орталығы.

Сондай-ақ Медеу ауданында 5 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. .

Кеңсай шағын ауданында жыл соңына дейін жобалық қуаты күніне 120 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. 

Көлсай мен Сұлусай шағын аудандарында жыл соңына дейін демеушілік қаражат есебінен фельдшерлік-амбулаториялық пункттер ашу жоспарланған.

Алатау шағын ауданындағы мемлекеттік аурухананың аумағында модульдік компьютерлік томография орталығы салынып жатыр. Нысан 2022 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

№4 және №10 жедел жәрдем станциясына жаңа ғимарат салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады.

Думан шағын ауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа заманауи емхананы салу жоспарланған. Қазір жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, жұмыс 2023 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама