Halyq Uni логотип
×

Елімізде 4,5 млн адамның баспана алатын мүмкіндігі жоқ

Ипотекалық бағдарламалар да жалпы халыққа емес, тек белгілі бір әлеуметтік осал топтарға қолжетімді

 Еркеғали Болатұлы 07.12.2022 | 17:45
Елімізде 4,5 млн адамның баспана алатын мүмкіндігі жоқ
фото: inbusiness.kz

Қазір елімізде баспанаға мұқтаж азаматтардың саны 4,5 миллионға жеткен. Бұл туралы бүгін «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Бұл көрсеткіш алдағы 7-8 жылда 10 миллионға дейін артуы мүмкін. Оны сала мамандары әлемде болып жатқан геосаяси жағдаймен және құрылыс материалдарының қымбаттауымен байланыстырып отыр. Себебі ондай материалдар өзімізде өндірілмейтіндіктен әлі күнге дейін импортқа тәуелдіміз.

Сондай-ақ ипотекалық бағдарламалардың жалпы халыққа емес, тек белгілі бір әлеуметтік осал топтарға қолжетімді екені айтылды.

Айта кетсек, бүгінде біз тұрғын үйді сатып алу қолжетімділігі бойынша 113 елдің ішінде 33-орында тұрмыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама