×

Жүргізушілердің ақылы жолдар үшін қарызы 5 млрд теңгеден асты

15 желтоқсаннан бастап абонентік төлем енгізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 07.12.2022 | 10:30
фото: ашық дереккөз

Елімізде жүргізушілердің ақылы жолдар үшін қарызы 5 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, 5 млрд теңге – жүргізушілердің бір жылда жиналған берешегі. Ақылы жолға қарыздың тең жартысы Қызылорда облысының тұрғындарына тиесілі.

Автомобиль жолдары комитетінің бас сарапшысы Азат Қаракөздің айтуынша, көлік жүргізушілері оларға хабарласып, ақы төлеу мәселесіне қатысты жеңілдік жасауды сұрап жатқан көрінеді. Енді 5 млрд теңгені өтеу үшін министрлік «Қазавтожол» ұлттық компаниясымен бірігіп, медиативтік келісім бойынша келісімшарт жасасып жатыр. Ақылы жолмен жиі жүретін жүргізушілерге 15 желтоқсаннан бастап абоненттік төлем енгізіледі. Яғни айға, жылға арналған төлемдер болады.

Жалпы ел бойынша қазір 11 ақылы учаске бар. Жыл басынан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта Қызылорда – Шымкент, Тараз – Қайнар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы арасында қатынайтын жүргізушілердің едәуір қарызы жиналған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама