Halyq Uni логотип
×

Ресейде полицейлерге жәрдемақы ретінде берілетін қаржы таусылды

Ішкі істер министрлігі тығырықтан шығу үшін Қаржы министрлігінен көмек сұрап отыр

 Дастан Жұмабекұлы 06.12.2022 | 18:03
Ресейде полицейлерге жәрдемақы ретінде берілетін қаржы таусылды
фото: ашық дереккөз

Ресей ішкі істер министрлігі қазынасында қаржы таусылып қалуына байланысты полицейлерге жәрдемақы беруді тоқтатылды. Бұл туралы Baza хабарлады.

Басылымның жазуынша, Ішкі істер министрлігі қаржының жетіспеушілігі салдарынан бала күтімімен отырған өз қызметкерлеріне жәрдемақы беруді осы күндері біржола қойған.

Baza бұған айғақ ретінде Ресей ішкі істер министрлігінің Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары Алексей Поддубный қолы қойылған құжатты алға тартады. Құжат телеграм-арнада жарияланған. Онда «қаржының жеткіліксіздігіне байланысты» аталмыш мақсаттағы ақшаның берілмейтіні атап өтілген. Сонымен бірге, қаражат тек бала күтімі үшін ғана емес, сонымен бірге қызметтен босатылар кездегі бір реттік жәрдемақыға да жетпейтін болғандықтан, оның тоқтатылғаны белгілі болды.

Ішкі істер министрлігі тығырықтан шығу үшін Қаржы министрлігінен көмек сұраған. Енді полицейлер желтоқсан айында резерв қорынан түсіп қалады деген үмітке малданып отыр. Бірақ күн сайын миллиондаған, миллиардтаған доллар ақшаның «мойнына тоқтаусыз су құйып» тұрған соғыс бәрібір бұған ұзақ уақыт мүмкіндік бере алмайтын сияқты.

Бұған тағы мынадай жағдай әсер етіп отырған секілді. Соғыс пен мобилизация салдарынан адамдардың өмір сүру деңгейін күрт түсіп кетіп, жұрттың қарсылық қозғалысы көтеріліп кетуінен қорыққан билік ішкі күштік құрылымдарды қаржыландыруды рекордтық мөлшерде күрт өсіріп жіберген екен. Соның нәтижесінде мемлекет келесі жылы «ұлттық қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының әрекеті» бабы бойынша 4,417 трлн рубль қаржы жаратуы тиіс. Бұған Ішкі істер министрлігі мен Росгвардия шығыны да кіреді. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда, 1,5 есеге көп.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама