Баспана кезегінде тұрған астаналықтар қайта құжат тапсырады
Құжаттар 14 желтоқсанға дейін жаңартылады
Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ сайтында баспана кезегіндегі құжаттарын жаңартуы тиіс адамдардың тізімі жарияланды.
Тізімде баспана кезегінде тұрған адамдардың мәліметтері, санат және кезекке қойылған күн туралы деректер берілген. Құжаттар 2022 жылғы 14 желтоқсанға дейін жаңартылады.
Тізімдегі адамдар Республика даңғылы 32-де (307 кабинет) орналасқан Тұрғын үй орталығына мына құжаттармен келуі тиіс:
- жеке куәлік (отбасы мүшелерінің құжаттарымен бірге);
- балалардың туу туралы куәлігі;
- баланың мүгедектігі туралы анықтама;
- неке қию/некені бұзу/жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік/ф-4 анықтама;
- отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ екені туралы анықтама.
Құжаттарды тізімде белгіленген тұрғындар ғана жаңартуға тиіс.