Күдіктілер мұндай әрекеттері үшін 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған
Батыс Қазақстан облысында әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласындағы сауналар мен жалдамалы пәтерлерді тексеру бойынша рейд өткізу барысында жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады. Оралдағы сауналардың бірінде 46 жастағы әйел интимдік қызмет көрсету үшін 37 және 39 жастағы екі әйелді ұсынып, жеңгетайлық ұйымдастырған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ 53 жастағы әйел Орал қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 17 жастағы кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Күдіктілер мұндай әрекеттері үшін 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 134-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.