Бұған қоса ол елорда мен Алматы әкімдеріне тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты маңызды жарлыққа қол қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
01 әкімдердің қызметіне қатысты маңызды жарлыққа қол қойды. Құжатпен толығырақ ертең сағат 8:00-де Ақорда сайтынан таныса аласыздар, – деп жазды Борт №1 телеграм каналы.
Одан кейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әкімдерге қатысты тағы бір ақпарат жариялады.
«Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне қала тұрғындарының өтінішіне құлақ асып, тұрғын үй кешендерінің жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуға тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік инфрақұрылым, саябақтар мен балаларға арналған спорт алаңдарын салуға баса мән беру қажет деп санайды», – деп жазды ол.