×

Украина Ресейдің өңірлерін атқылауға кірісті

Курск пен Белгород облыстарына кемінде 10 залп жасалды

 Дастан Жұмабекұлы 05.12.2022 | 13:55
фото: gtrkkursk.ru

Украина Ресей армиясының атқылауларына жауап ретінде жаудың шекаралас аудандары инфрақұрылымдарына ракета жөнелте бастады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Украина Курск облысына 11 ракета атты», – деді осы өңірдің губернаторы Роман Старовойт.

Оның айтуынша, бұдан зардап шеккендер жоқ. Алайда снарядтардың бірі энергия желісін талқандап кетіп, Суджан мен Коренев аудандары бірден жарықсыз қалған. Мамандар жағдай қауіпсіз болған кезде оны жөндеуге кіріседі.

Старовойт сол күні ертерек Теткино кентінің атқылауға ұшырағанын хабарлаған еді. Ол кемінде 10 залп жасалғанын айтады. Соның кесірінен электрмен қамтамасыз ету нысанына залал келіп, елді мекен жарықтан ажырап қалған.

Осы күні Белгород облысының Шебекин округі де атқылауға тап болған. Губернатор Вячеслав Гладков атысқа Муром және Новая Таволжанка селолары ұшырағанын атап көрсетті. Мұнда да зардап шеккендер жоқ. Бірақ газ құбыры мен электр желісі, сол сияқты бірқатар жеке үйлер зақымданған. Ал Новая Таволжанкада бір мекеменің ғимараты қиратылған.

Шебекино бұдан бұрын да осындай атқылаудың астында болыпты. Атап айтқанда, 11 қазан күні жергілікті шағын станция істен шыққан. Үш күннен кейін Белгородтың өзіндегі «Луч» жылу-электр орталығы жанып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама