Екібастұздағы 71 үйдің жылыту тораптарына жылу берілді –  жедел штаб

Дастан Жұмабекұлы

Мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіріп жатыр

фото: Үкімет

Жедел штаб Екібастұз қаласындағы қазіргі жағдай туралы хабарлады. Мәліметке сүйенсек, көпқабатты 71 проблемалы үйдің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілген.

Штабтың жетекшісі, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 71 үйдің жылыту тораптарында жөндеу жұмыстарының біткенін айтты.

Қазір пәтерлер ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Сонымен қатар, мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіруде, –  делінген Үкіметтің хабарламасында.

Айта кетсек, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылған.