Ресей ауруды жұқтыруда әлемде алдыңғы бес мемлекеттің қатарына кірді
2021 жылы әлемде 1,5 миллион адам жаңа АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырды. Осы көлемнің 3,9 пайызы Ресейдің үлесіне тиеді. Бұл көрсеткіш бойынша Кремль билеген ел тек Африкадағы Танзания (3,6 %), Уганда (3,6 %), Замбия (2,5%) және Кения (2,3 %) мемлекеттерін ғана артқа тастап тұр. Осылайша Ресей Федерациясы жаңа АИТВ (ВИЧ) инфекциясын тарату бойынша жер-жаһандағы бес елдің қатарынан орын алып отыр. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Statista мәліметі бойынша, РФ-дан ЖИТС (СПИД-тің) таралу мөлшері бойынша төрт мемлекет қана алда келеді. Олардың қатарында Оңтүстік Африка Республикасы (14 %), Мозамбик (6,5 %), Нигерия сынды (4,9 %) «қара құрлық» елдері және Үндістан (4,2 %) бар.
Қазір Ресей азаматтарының тағы 1 пайызының АИТВ (ВИЧ) жұқтырып алғандары анықталып отыр.
Роспотребнадзордың дерегі бойынша, Ресейде жастары 15-тен 49-ға дейінгілер арасынан 1,5 пайыз адам АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған. Бұл жағынан Ресей Еуропа мемлекеттерін 3-15 есе орайды.