×

Қостанайлықтар сағат белдеуін табиғи уақытқа келтіруді талап етті

Бұл мәселе 2005 жылдан бері шешілмей келе жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 05.12.2022 | 09:55
фото: kstnews.kz

Қостанай қаласының белсенділері облыстық әкімдіктен өңірдегі сағат белдеуін өзінің табиғи уақытына қайта келтіруді талап етті. Бұл туралы «Костанайские новости» хабарлады.

Бұдан бір ай бұрын жоспарланған кездесуге облыстың сол кездегі әкімі Архимед Мұхамбетов қатысуға тиіс болатын. Алайда ол қызметінен босатылған соң жаңа әкім Құмар Ақсақаловты бұл басқосуға шақырудың орайы келмеген.

Жиынға өңір басшысының орнына облыстық әкімдіктің аппарат бастығы Мұрат Сандыбаев қатысып, жиналғандардың барлық уәждерін тапжылмай тыңдады.

Облыста UTC+4 географиялық сенімді сағат белдеуін қайтару мәселесі көптен бері қозғалып келе жатыр. Тұрғындардың бір бөлігі мұның өмірлік маңызы бар жайт екенін айтады. Тағы бір бөлігі осы қалпында қала бергенін қалайды. Ал сағат тілін екі сағат артқа шегеруді жақтайтындар қатарында елге еңбек сіңірген дәрігер Көпей Малшыбаева да бар.

Бұл мәселе 2005 жылдан бері шешілмей келе жатыр. Біз мұның бір ғана себебі бар деп есептейміз – бар болғаны билік мұны қолдамай отыр. Неге Қызылорда мен Ақтөбеде бұл мәселе оңды шешіледі, ал бізде олай емес? Педиатр-дәрігер ретінде айтарым: қазіргі ахуалдың залалы өте зор. Балалар тым ерте тұрады. Қараңғыда қарманып мектепке барады. Биологиялық ырғақтары бұзылғаннан кейін иммунитет төмендейді. Невроздың тәуекелі пайда болады. Осы себеппен сабақты да нашар оқиды. Мен Құмар Іргебайұлы Ақсақаловты мұндайға бейтарап қарай алмайтын адам ретінде білемін. Ол енді Қостанай облысы үшін де барынша жанашырлық көрсетеді деп ойлаймын, – деді ол өз сөзінде.

Кездесуде Мұрат Сандыбаев жиналғандардың талап-тілектерін ескеріп, облыс басшысына жеткізетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама