×

Ота жасалған Ләйлә Сұлтанқызының жағдайы белгілі болды

Ота өткен аптада жасалған

 Халық үні 04.12.2022 | 19:31
коллаж: Halyq Uni

Шұғыл түрде ота жасалған белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының қазіргі жағдайы белгілі болды.

Өзінің жағдайы туралы Ләйлә Сұлтанқызы instagram-дағы парақшасында жазды. 

Кешелі бері алаңдап, жазып жатқан баршаңызға мың алғыс. Жақындарымда қатты уайымдап кеткен соң, байланысқа шыққаным жөн деп шештім. Ота өткен аптада жасалды. Қазір бәрі жақсы, шүкір. Ғұмырымның ең ауыр кезеңінде  қолдау көрсеткен сіздерге көп рахмет! Денсаулықтарыңызды күтіңіздер, «Алла сүйген құлын жиі сынайды», дейді, бұл күндерден де өтерміз, - деп жазды журналист. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама