Ақтауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды
Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр
Ақтауда тұрғын үй кешендерінің бірінде заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 3 желтоқсанда Маңғыстау облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен 15 шағын аудандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған заңсыз ойын бизнесі жойылған. Ұйымдастырушы мен екі дилер ұсталды. Мекенжай бойынша тінту жүргізу кезінде ойын үстелі, покер ойнауға арналған 154 ойын фишкасы, 16 қорап ойын картасы және марихуана пайдалануға арналған қолдан жасалған екі құрал тәркіленді. Одан бөлек 374 мың теңге, 200 доллар және 50 еуро және құрамында марихуана бар байлам тәркіленді.
Сондай-ақ үй-жайда даяшы мен басқа да ойыншылар болған.
Аталған дерек ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілір жатыр.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.