Halyq Uni логотип
×

Талғардағы балабақшада төрт жасар қыз мерт болды

Бүлдіршіннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Халық үні 28.11.2021 | 13:18
Талғардағы балабақшада төрт жасар қыз мерт болды
фото: ашық дереккөзден

Талғардағы балабақшалардың бірінде төрт жасар қыз пластикалық шарға қақалып, қайтыс болды. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен хабарланды.

Жазатайым оқиға 26 қарашада болған. Бүлдіршіннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде баланың тамағынан қатты пластмасс зат (шар) табылды. Соталды тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы 2-бөлігі (Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша жүріп жатыр.

Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға «Талғар-Нұрәлі» ЖШС тиесілі «Бүлдіршін» балабақшасында болған.

Балабақша қызметкерлерінің айтуынша, 26 қарашада сағат 15:20 шамасында бала түскі астан кейінгі ұйқыдан оянбаған. Қызметкерлер бірден жедел-жәрдем шақыртып, баланың ата-анасына хабар берген.

Жедел шақыртуға шыққан жедел-жәрдем қызмет бригадасы баланың ата-анасын балабақшаның кіреберісінде кездестірді. Өйткені, балабақша қасында тұратын ата-ана баланы бақшадан алып, жедел-жәрдемнің алдынан шыққан, - делінген әкімдіктің хабарламасында.

«Бүлдіршін» балабақшасы 2015 жылы ашылған. Қыз бала №99 бұйрығына сәйкес балабақшаға 2020 жылдың 8 желтоқсанында қабылданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама