×

ШҚО-дағы балалар лагерінде омыртқасы сынған оқушыға қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі хабарлады

 Халық үні 02.12.2022 | 17:57
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың атына Абай облысының тұрғынынан арыз түсті. Әйелдің айтуынша, оның кәмелет жасына толмаған қызы 2022 жылдың шілде айында Шығыс Қазақстан облысындағы балалар лагерінде жарақат алған. Арызданушы оқушының омыртқасы сынғанын, орташа дәрежеде жарақат алғанын айтқан. 

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова ШҚО балалар лагерінде жарақат алған оқушыға қатысты қылмыстық іс қайта қаралатынын мәлімдеді.

«Алтай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері балалар лагері әкімшілігінің бала өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін орындамау фактісі бойынша қозғалған істі қылмыс құрамының жоқтығына сүйеніп жауып тастаған. Арыз бен материалдарды зерделеу барысында қылмыстық іс жүргізу заңнамасының бұзылуы анықталып, ШҚО полиция департаментіне, әкімдікке, прокуратураға және Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетіне қосымша дәлелдермен өтінішхат жіберілді», – делінген ақпаратта.

Прокуратура Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өтінішін мақұлдап, нәтижесінде, бұрын тоқтатылған іс қайта жанданып, бала мен ананың құқығы қорғалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама