Halyq Uni логотип
×

Бес айда әуе компанияларға 25 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Қазақстандық тасымалдаушылардың әуе паркі 7 ұшақпен толықтырылды

 Динара Амантай 02.12.2022 | 16:06
Бес айда әуе компанияларға 25 млн теңгеден аса айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

Бес айда әуе компанияларға 8 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Ашық сағат алаңында» отандық авиакомпаниялардың әуе кемелері паркін толықтыру мәселелеріне арналған кеңес өткізілді.

Алқалы жиынның күн тәртібінде әуекомпаниялардың ұшу бағыт кестелерін уақтылы орындаудың маңыздылығы, сондай-ақ рейстердің кешіккен немесе тоқтатылған жағдайда жолаушылардың құқықтарының сақталуы жөніндегі мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңына сәйкес рейстің кешігуіне әуе компания кінәлі болған жағдайда жолаушыларға салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақ үйде тұру мен оған барып, қайтуға дейін көлік тегін түрде ұсынылуы тиіс, – деді ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы Әділет Көбенов.

Бұл орайда көрсетілетін қызметтер талапқа сай ұсынылмаған жағдайда әуе компания әкімшілік жауапқа тартылатынын айта кету керек. Шілдеден бастап рейстердің кешігуі салдарынан жолаушылардың құқықтары сақталмағандықтан қазақстандық авиакомпанияларға 8 мың (8 рет) АЕК сомасына дейін айыппұл салынды. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушылар жұмсалған әр сағат үшін билет құнының 3% мөлшерінде (айыппұл түрінде) өтемақы алуға құқылы.

Өз кезегінде отандық авиакомпаниялар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың әуе кемелері паркін ұлғайтуға қатысты тапсырмасының орындалуы жөнінде айтып берді. Мәселен, биыл шілдеден бастап қазақстандық тасымалдаушылардың әуе паркі 7 ұшақпен толықтырылды. Атап айтқанда, SCAT компаниясы 5 ұшақ алса, Fly Arystan және «Эйр Астана» әуе операторлары бір-бір ұшаққа қол жеткізді.

Бұдан бөлек әуе тасымалдаушылар жаңа ұшақтарды алуға байланысты алдағы жоспарларын айтты. Мысалы, SCAT компаниясы «Б-737» үлгідегі тағы екі ұшақты, сонымен бірге Fly Arystan мен «Эйр Астана» тағы да бір-бір ұшақтан сатып алуды көздеп отыр. Қазір авиакомпаниялар жаңа бағыттарды ашу мен қолданыстағы маршруттардың рейстерін көбейтіп жатыр.

Бұған қоса кеңесте рейстер кешіктірілген жағдайда жолаушылардың жауапкершілігін күшейту жөніндегі қазіргі заңнаманы жетілдіру бойынша жоспарлар да айтылды.

Кездесуді қорытындылай келе Авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы А.Көбенов қазақстандық әуе тасымалдаушылардың назарын рейстерді уақтылы орындауға, сондай-ақ олар кешіктірілген кезде жолаушылардың құқықтарын қатаң сақтау қажеттілігіне аударды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама