43 жастағы азаматы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Жамбыл облысында 300 келіге жуық есірткі сақтаған шетелдік ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1 желтоқсанда Жамбыл облысы ПД және ҰҚКД есірткі сатумен айналысқан Өзбекстан Республикасының 43 жастағы азаматын ұстады. Одан екі жүз келiден аса түрлі есірткі заттарын тәркіленді.
Оның Меркі ауданындағы тұрғылықты жерін тінту кезінде жалпы салмағы 231 келi 916 грамм кептірілген марихуана есірткі затының 19 қапшығы мен салмағы 2 келi 300 грамм гашиш есірткі заты табылды. Сондай-ақ өсімдік затын ұнтақтауға арналған екі елеуiш пен арнайы аппарат тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.