×

Алматыда жанармай құю бекетін тонаған адамдар ұсталды

Күдіктелер бетперде киіп, қолдарында шеге суырғыш пен балта ұстап, кассир мен күзетшіні қамап тастаған

 Дастан Жұмабекұлы 02.12.2022 | 13:34
фото: ашық дереккөз

Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған ұрылар ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, күдіктілер 100 мың теңге мен екі телефонды ұрлап әкеткен.

Түнгі сағат 2:00 шамасында жанармай құю бекетіне шабуыл жасалды. Жанар-жағармай құю бекетіне бетперде киген екі адам қолдарында шеге суырғыш пен балта ұстап, кассир мен күзетшіні бөлмеге қамап, қызметкерлердің телефондары мен кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Күдіктілер бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Олар сол күні ұсталып, қамауға алынды. Екеуі де ер адам. Біреуінің жасы – 23-те, екінші адамның жасы 22-де. Осы оқиға соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Ұсталған адамдар Алматыға жұмысқа орналасу үшін басқа жақтан келген. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері олардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама