Биыл Штаттардың оңтүстігіндегі шекарада РФ-ның 21 763 азаматы ұсталды
Соңғы екі жылда Мексика шекарасын кесіп өтіп, Құрама Штаттар жеріне барған ресейліктер саны 4 600 пайызға, яғни 47 есеге көбейді. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Бұған Украинадағы соғыстың жоспарлағаннан артық уақытқа созылып кетуі мен Ресейде жаппай мобилизация жариялануы тікелей әсер етті. Ресейліктердің осыншалықты зор көлемде мұхиттың арғы бетіне заңсыз баруы бұрын-соңды болған емес. Америка кеденшілері мұндай тасқын нөпірді еш уақытта, – тіпті арғы ғасырда болмаған урбанизация дәуірінде де көрген емес, – делінген хабарламада.
Порталдың хабаралуынша, биыл Штаттардың оңтүстігіндегі шекарада Ресейдің 21 763 азаматы ұсталды.
Соңғы екі жылда Мексика мен АҚШ-тың шекарасынан заңсыз жасырын өтіп бара жатқан Ресейдің паспорты бар адамдардың қолға түсулері 47 есеге дейін өсіп кеткен, яғни 4 600 пайызға көбейген. Тек қазан айында ғана осындай 4 мыңға жуық ресейлік ұсталған. Ал 2020 жылы мұндайлардың қатары небәрі 467 адам ғана болған.
Ресей Федералды барлау қызметінің (ФСБ) мәліметі бойынша, 2022 жылғы сәуір-маусым айларында елден тек 39 адам ғана шетелге кеткен. Ал содан бір жыл бұрын 36,7 мың деп көрсетіліпті.