×

Тұзды көп тұтынатын қазақстандықтар ауруға шалдығып жатыр

Елімізде артериялдық гипертензия, жүрек-қан тамыры, қант диабатімен ауыратындар саны күрт өскен

 Дәурен Ерболат 02.12.2022 | 11:55
көрнекі фото: kakprosto.ru

Елімізде тұрғындар тамаққа тұзды көп қосады, соның аалдарынан ауруға шалдығады. Бұл туралы Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол Қазақстанда тағамдарға тұз тым көп қосылатынын атап өтті: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген қауіпсіз деңгейден 4 есе жоғары.

Соның салдарынан артериялдық гипертензия мен жүрек-қан тамыры ауруының, II типті қант диабетінің және онкологиялық аурудың кейбір түрлерінің өршуіне қатысты негізгі қауіп факторларының бірі болып отыр, - деді  Ақмарал Әлназарова Сенаттағы Үкімет сағатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама