×

Елімізде 30 мыңнан аса адам ЖИТС (ВИЧ) індетін жұқтырған

Астанада тіркеуде тұрғандардың 60 пайызы ауруды соңғы 5 жылда жұқтырған

 Еркеғали Болатұлы 02.12.2022 | 11:20
фото: dpo-ilm.ru

Қазір елімізде ЖИТС инфекциясын жұқтырғандар саны 30 мыңнан асады екен. Мысалы, 16 жыл бұрын Шымкентте дәрігерлердің жауапсыздығынан 220 бала осы індетке шалдыққан болатын. Олардың арасында небәрі 1,5 жастағы сәби де болды.

Еске сала кетсек, көк жөтелге қарсы екпе алған сәбидің температурасы көтеріліп, ауруханаға түскен. Сол кезде оған ЖИТС инфекциясы жұққан. Осы жағдайдан кейін ата-әжесі баладан бас тартыпты. Тек анасы ғана онымен бірге қауіпті дертпен әлі күресіп келеді.

Антиротавирусқа қарсы терапияның ең негізгі принципі – қандағы вирустың көбеюін тоқтату. Науқастың жұмысқа қабілетін сақтайды. Жұмыс істеуге, оқуға, отбасын құруға және бізде есепте тұрған АИТВ жұқтырған жүкті әйелдердің дүниеге дені сау баланы әкелуіне мүмкіндік береді, - деді Астана қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бас дәрігерінің орынбасары Салтанат Мусина тілшілерге берген жауабында.

Қазір елорданың өзінде ЖИТС-пен ауыратын 1 847 адам тіркеуде тұр. Оның ішінде кәмелетке толмаған 18 бала бар. Бұл – ресми мәлімет. Бейресми статистка одан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Тіркеуде тұрғандардың 60 пайызы ауруды соңғы 5 жылда жұқтырған. Оған жастардың, тіпті мектеп оқушыларының арасында кездейсоқ жыныстық қатынасқа түсу деректерінің күрт көбеюі басты себеп.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама