×

Ресейде ғалымдар да мобилизацияға ілікті

Тіпті, Ұлы Отан соғысы кезінде де ғылым адамдары әскерге алынған жоқ еді, – деді депутат

 Дастан Жұмабекұлы 01.12.2022 | 14:15
фото: ашық дереккөз

Ресей үкіметі заң жобасына ғылым докторлары мен кандидаттары үшін мобилизация уақытын кейінге қалдыру жөнінде бап енгізуге келісім бермеді. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Мемлекеттік думаның ғылым комитеті басшысының орынбасары Ксения Горячева БАҚ-та осының жайын айтып берді.

Қорғаныс министрлігі президенттің кейінге қалдырыру туралы жарлығы тізіміне кіретіндер санын арттыра бергенін мақсатқа сай келмейді деп есептейді. Ал қабылданған шаралар шынында жеткілікті дейді, – деді ол.

Горячеваның айтуынша, оның комитеті мен Білім және ғылым министрлігі бұл тарапта құжат дайындай беруді тоқтатайын деп отырған жоқ.

Енді өзімізді өзіміз алдай берудің еш қисыны жоқ: біз өте қиын жағдайда қалып тұрмыз. Одан тек өзіміздің ақылды да талантты адамдарымыз арқылы ғана шыға аламыз. Бірінші кезекте – ғалымдар. Жаңаша шешімдерсіз біз істі оңдыра алмаймыз. Тіпті, Ұлы Отан соғысы кезінде де докторлар, кандидаттар мен профессорлар әскерге алынған жоқ еді, – деп түйіндеді ол сөзін.

Еске сала кетсек, қазан айының соңында Мемлекеттік думаның ғылым жөніндегі комитеті ғалымдар мен ғылыми атақтары бар педагогтерді әскерге шақырылудан босататын заң жобасын дайындаған болатын. Мұндай норманың керек екенін Думаның вице-спикері Борис Чернышев қадап тұрып айтқан еді. Ал ғалымдардың өздері 17 қазанда осы тақырыпта ашық хат жазды. Оған 785 ғалым қол қойды. Бірақ мәселе әлі оңды шешілмей жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама