×

Павлодар облысында мас жүргізушілер көбейіп жатыр

Жыл басынан бері 1 265 адам жауапқа тартылған

 Дастан Жұмабекұлы 01.12.2022 | 11:59
фото: Константин Шелков

Павлодар облысында мас жүргізушілердің саны азаймай тұр. Осыған байланысты облыстық полиция департаменті мас болып көлік жүргізген адамдарды көрген кезде оны дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Ведомство баспасөз қызметінің хабаралуынша, биыл жыл басынан бері 1 265 мас жүргізуші жауапқа тартылған. 

Мас  болып көлік жүргізген адамдарды жазалау күшейтілгеніне қарамастан, мас жүргізушілердің саны азаймай тұр.  Мәселен, полиция қызметкерлері 29 қарашада сағат 00.30 шамасында Ақсу қаласында Қамзин көшесіндегі №18 үйдің ауласында 31 жастағы жүргізушіні ұстады. Ол медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес «Ауди-80» маркалы көлікті мас болып жүргізген, —  деп хабарлады Ақсу қаласы жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Оның айтуынша, тексеруден кейін жүргізушінің бұған дейін де ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін автокөлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК 608-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін Ақсу қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына қарауға жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама