Шағын аудандарда жылумен жабдықтау қалпына келтірілді
Екібастұз қаласындағы 17 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу желісіне әлі қосылған жоқ. Бұл туралы Pavlodarnews хабарлады.
Жедел штабтың хабарлауынша, 5А, 5Б және 6 шағын аудандарда 132 көпқабатты, 114 жеке үй және 13 әлеуметтік нысанда жылумен жабдықтау қалпына келтірілген. №6,8,9,12,14,15 қазандықтар жұмыс істеп тұр. 4 қазандық (№5,7,11,13) резервте.
30 қараша күні сағат 23:51-де электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсуіне байланысты қаланың шағын аудандарының бірінде Шешембеков және Торайғыров көшелеріндегі 8 көпқабатты тұрғын үйде электрмен жабдықтауда апаттық ажырату болды. Қала әкімі тұрғындардың келісімімен жылыту пункттеріне уақытша көшіру туралы шешім қабылдады. Сағат 00:44-те электрмен жабдықтау қалпына келді. Тұрғындар көшірілмеді, – делінген хабарламада.
Бұл апаттық сөндіру жылумен жабдықтауға әсер еткен жоқ.