×

Жамбыл облысында есірткі өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Топтың 6 мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 01.12.2022 | 10:10
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысында ауқымды арнайы операция барысында есірткі өткізумен айналысқан қылмыстық топтың 6 мүшесі бір уақытта ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жамбыл облысының полиция департаменті ұзақ мерзімді жедел іс-шаралардың нәтижесінде облыс прокуратурасымен бірлесіп, Жамбыл өңірінде аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын өткізумен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топқа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізді.

30 қарашада полицейлер қылмыстық топтың 6 адамын бір мезгілде ұстады. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 1 келі 280 грамм «героин» есірткісі, сондай-ақ «гашиш» есірткі заты, «кептірілген марихуана» және синтетикалық есірткі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама