×

Кінәлі адамдар жауапқа тартылады –  Әлихан Смайылов

 Басқа қалаларды да жылумен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда болады

 Дастан Жұмабекұлы 01.12.2022 | 09:48
фото: ашық дереккөз

Премьер-министр Әлихан Смайылов Екібастұзға барған жұмыс сапарында жылу электр орталығында болып, жағдаймен танысты. Бұл туралы Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысына ЖЭО-дағы жағдай туралы, Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Ә. Сқақов пен «Павлодарэнерго» АҚ бас директорының міндетін атқарушы В. Лесиннің баяндамаларымен танысқан соң, арнайы жедел штаб құрылғанын және апаттың салдарын жою үшін барлық қажетті мамандар тартылғанын атап өтті.

Жағдай дереу бақылауға алынды. Алғашқы күндері апатты жерлерді анықтауда қиындықтар болды. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгін-ертең барлық тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары аяқталады деп отырмыз, — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, жылу желілерінің әбден тозуы, жаңғырту үшін инвестициялардың жетіспеуі, сондай-ақ жылу орталығы басшылығының салғырттығы осындай жағдайға алып келген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жылумен жабдықтау желісіне жоғары қысым беріліп, оның кесірінен 15 жерде бір уақытта құбырлар зақымданған.

Осыған байланысты премьер-министр тиісті тергеу жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша барлық кінәлі адамдар жауапқа тартылатынын айтты.

Бұдан басқа, ол ЖЭО-ны тиісті деңгейде жұмысын қамтамасыз етіп, оны жаңғыртуға инвестициялар салу бойынша жұмыс жүргізілетінін атап көрсетті. Сонымен бірге ол Өскемен, Рудный, Риддер және басқа қалалардың тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету мәселелері де бақылауда болатынын ескерті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама