×

ӘЧ-2022: Иран жанкүйерлері АҚШ-тан жеңілген соң бір-бірімен төбелесті

Билікті жақтаушылар мен өкіметке наразы адамдар жұдырық ала жүгірді

 Дастан Жұмабекұлы 30.11.2022 | 12:26
фото: ашық дереккөз

Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Иран құрамасының жанкүйерлері бір-бірімен төбелесіп қалды. Олар бүгін түнде АҚШ командасынан жеңілген соң, бір-біріне жұдырық ала жүгірген.

БАҚ-та, әлеуметтік желіде төбелестің неден шыққаны туралы көп нәрсе айтылып жатқан жоқ. Telegram-дағы «Первый спорт» арнасының хабарлауынша, парсылар бір-бірін жеңіліске кінәлап, төбелескен жоқ. Олар ойыннан кейін өкіметті жақтаушылар мен Ирандағы билігіне қарсылар болып бөлініп, төбелескен. Иран билігін жақтаушылар наразы топты стадион аумағынан қуған көрінеді.  

Иран мен АҚШ-тың ойыны 0:1 есебімен аяқталды. Осыдан кейін парсы елі әлем чемпионатымен қош айтысты. Ал америкалықтар плей-оффқа жолдама алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама