×

Астана-Көкшетау тасжолында Тәжікстан азаматтары құтқарылды

Олардың арасында зардап шеккендер жоқ

 Динара Амантай 30.11.2022 | 12:06
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Елордалық құтқарушылар ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған Тәжікстан азаматтарын эвакуациялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қарашада таңертең Астана-Көкшетау автожолында тоқтап қалған автобус жолаушыларына көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Анықталғандай, 32 жолаушысы бар автобус дизель отыны қатып қалған соң жолда тоқтап қалған.

Астана қаласы ТЖД бөлімшелері дереу көмекке шығып, елордадан 10 шақырым жерде Тәжікстан азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Құтқарылғандардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама