Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында карантин жарияланды

Қожалықтың иесіне аурудың таралмауы үшін ірі қараны оқшаулап ұстау ескертілді

 Дастан Жұмабекұлы 30.11.2022 | 10:56
Қарағанды облысында карантин жарияланды
фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан анықталып жатыр. Соның бірі Қарқаралы ауданына қарасты Мартбек Мамыраев ауылдық округіндегі «Свиридов» қожалығында анықталған.

Мал иесінің айтуынша, ірі қараның шығыны 15 қазанда басталған. Алғашында ол малдар уланған болар деп ешкімге хабарламаған. 20 қазанда тағы 7 бас мал шығын болған. Содан кейін өлген бұзаудан паталогиялық сынамалар алынып, қарасан және сібір жарасы ауруларына зерттеуге жіберіледі. Сараптама актісіне қорытындысына сәйкес, ірі қара малдың сынамасынан қарасан ауруы анықталған.

Осы оқиғаға байланысты ауылдық округтің «Қоспақ» қыстағында карантин жарияланды.

Мартбек Мамыраев ауылдық округінің «Қоспақ» қыстағындағы «Свиридов» шаруа қожалығы аумағында ірі қара малдары арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты карантин белгіленсін, –  делінген ауылдық округтың әкімі Ж.Әскербекұлының «Ашық» НҚА порталында жарияланған шешімінде.

Қожалықтың иесіне аурудың таралмауы үшін ірі қараны оқшаулап ұстау ескертілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама