×

Алматыда «Джип» ұрылары ұсталды

Оның біреуі Ресейден келген

 Дастан Жұмабекұлы 29.11.2022 | 14:56
фото: polisia.kz

Алматыда көлік ұрлаумен айналысқан екі адам ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қостанай облысының 34 жастағы тұрғыны мен оның Ресей Федерациясынан келген 33 жастағы серігі кем дегенде екі көлік ұрлаған. Оларды Алматы қаласының криминалдық полициясы Наурызбай аудандық ПБ-мен, Алатау аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге ұстаған.

Жедел-іздестіру кезінде күдіктілер ұсталды. 34 жастағы Д. есімді ер адам – басты айыпталушы. Ол көліктердің есігін ашып, рөлге отырған. 33 жылғы И. есімді ер адам көлік ұрлауға көмектескен. Жедел-іздестіру кезінде олар қаланың Алатау және Наурызбай аудандарында екі «Toyota Highlander» көлігін ұрлаған. Бұл көлік табылып, тәркіленді. Заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сонымен қатар, ұрланған көліктердің бірін тексеру кезінде арнайы тоғы бар бағдарлама құралы және ұсталған адамның суреті бар жалған көлік жүргізуші куәлігі, басқа да жеке деректері табылып, тәркіленген.

Қазір полиция қызметкерлері ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп, анықтап жатыр. Тергеу барысында күдіктілер қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама