Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды

Құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 13 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды

 Динара Амантай 29.11.2022 | 13:57
Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында көктайғақ салдарынан жолда қалып қойған 35 адам құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қарашада 112 пультіне Ащысай асуындағы Кентау-Шолаққорған автожолының 55-шақырымында көктайғаққа байланысты жолаушылары бар 2 жүк және 8 жеңіл автокөліктен тұратын кептеліс пайда болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 2 жүк және 8 жеңіл автокөлікті сүйреп алып шықты. 35 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Авариялық-құтқару операциясына Түркістан облыстық ТЖД-нің 13 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Ескерте кетсек, Түркістан облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама