×

Екібастұздағы төтенше жағдай: өңір тұрғындары ұялы байланысты тегін пайдаланады

Абоненттерге арнайы SMS хабарлама жіберіледі

 Еркеғали Болатұлы 29.11.2022 | 12:26
фото: AP

Павлодар облысының тұрғындары бір айы бойы ұялы байланысты тегін пайдаланады, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Бұл ретте Екібастұздағы төтенше жағдайға байланысты қала мен облыс тұрғындарын тегін мобильді байланыспен қамтамасыз етуге шешім қабылданған.

Мәселен, Tele2/Altel Екібастұздағы 17 мың абонентке басқа операторлардың нөмірлеріне 45 минут және 45 тегін SMS беріп отыр. Бұдан бөлек, 8 ГБ интернет-трафик аударылады. Бұл пакет 28 қарашада іске қосылды. Мерзімі – 30 күн.

Ал Kcell Павлодар облысындағы абоненттеріне 4 Гб интернет-трафик пен басқа операторларға тегін 20 минут қоңырау шалуға мүмкіндік беріп отыр.

Бонустық ресурстарды 28 қарашадан бастап бір аптаның ішінде пайдалану қажет. Абоненттерге арнайы SMS хабарлама жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама