Мұндай ұсынысты Вoeing компаниясы білдірді
АҚШ Қорғаныс министрлігі Ресейдің территориясына соққы бере алуы үшін Украинаға аз габаритті дәл соққылы бомбалар беру мәселесін қарайтын болды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
АҚШ-тың Қарулы күштеріне мұндай ұсынысты Вoeing компаниясы білдірді. Ол Украинаға аз габаритті, дәл соққылы бомбаларды беру керектігін мәлімдеді.
Бомбалар Киевке Ресейдің шекарадан алыс жатқан аудандарына дәл соққы жасауға мүмкіндік береді, – деп жазды Reuters агенттігі Boeing-тің дайындаған құжатына сілтеме жасай отырып.
Әңгіме шағын диаметрлі жер базасындағы GLSDB бомбасы туралы болып отыр. БАҚ-та оның алдағы көктемде-ақ Украинаға жеткізіліп берілетіні жарияланып жатыр. GLSDB-ның ұшу қашықтығы 150 шақырымға барады. Ол Украинаның бұған дейін қол жетпей келген қашықтықтағы әскери нысаналарды бақылауға алуына мүмкіндік береді. Осы арқылы қарсы шабуылды күшейтеді.
Бұған қоса, GLSDB бомбасы GPS-тың көмегімен басқарылады. Сондықтан оны кез келген ауа райы жағдайында пайдалануға болады. Ол тіпті бронды машиналардың өзін тесіп өте береді.