×

АҚШ-та Украинаның Ресейге соққы беруі қарастырылып жатыр

Мұндай ұсынысты Вoeing компаниясы білдірді

 Дастан Жұмабекұлы 29.11.2022 | 11:59
фото: ашық дереккөз

АҚШ Қорғаныс министрлігі Ресейдің территориясына соққы бере алуы үшін Украинаға аз габаритті дәл соққылы бомбалар беру мәселесін қарайтын болды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

АҚШ-тың Қарулы күштеріне мұндай ұсынысты Вoeing компаниясы білдірді. Ол Украинаға аз габаритті, дәл соққылы бомбаларды беру керектігін мәлімдеді.

Бомбалар Киевке Ресейдің шекарадан алыс жатқан аудандарына дәл соққы жасауға мүмкіндік береді, –  деп жазды Reuters агенттігі Boeing-тің дайындаған құжатына сілтеме жасай отырып.

Әңгіме шағын диаметрлі жер базасындағы GLSDB бомбасы туралы болып отыр. БАҚ-та оның алдағы көктемде-ақ Украинаға жеткізіліп берілетіні жарияланып жатыр. GLSDB-ның ұшу қашықтығы 150 шақырымға барады. Ол Украинаның бұған дейін қол жетпей келген қашықтықтағы әскери нысаналарды бақылауға алуына мүмкіндік береді. Осы арқылы қарсы шабуылды күшейтеді.

Бұған қоса, GLSDB бомбасы GPS-тың көмегімен басқарылады. Сондықтан оны кез келген ауа райы жағдайында пайдалануға болады. Ол тіпті бронды машиналардың өзін тесіп өте береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама