×

Прокуратура Сағынтаевтың кезінде берілген жерлерді тексеруге кірісті

Участок тұрғын үйлер мен аз қабатты құрылысқа беріліп кеткен 

 Дастан Жұмабекұлы 29.11.2022 | 11:01
фото: ашық дереккөз

Прокуратура Бақытжан Сағынтаевтың Алматы қаласының әкімі кезінде Алматы тауларынан берілген жерлердің заңдылығын тексеруді бастап кетті. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Қазір Алматы қалалық прокуратурасы аталған жер аумағындағы телімдер мақсаттарының өзгертілуі мен қала салу құжаттамасының түзетілуі қаншалықты заңды екенін зерттеп жатыр. Сонымен бір мезгілде қала прокуратурасы жер ресурстары басқармасына атап көрсетілген жерлерге сұраныстардың негізділігін тексеруді тапсырды, – деді бас прокурор Берік Асылов Қазақстан халық партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаттарының сауалдарына жауап беру барысында.

Сауал Алматыда орналасқан Фесенков атындағы обсерватория мен астрофизика институтына тиесілі жердің маусымдық тұрғын үйлер мен аз қабатты құрылыс үшін қалай беріліп кеткені туралы болған. Бұл деректі бұрын заңгер Бақытжан Базарбек көтерген болатын. Ол осы жердің Бақытжан Сағынтаев қала әкімі болған кезде беріліп кеткеніне де назар аударды. Осыдан кейін Берік Асылов 12 қазанда аталған жердің берілуі қаншалықты заңды екенін тексеруді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама