×

Қарағандыда 2 көлік мұз астына түсіп кетті

Көліктердің ішінде 9 адам болған

 Динара Амантай 29.11.2022 | 10:15
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысында өзеннен мұздың үстімен өту кезінде 2 көлік суға батып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кеше сағат 19.50 шамасында Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Ғ.Мұстафин кентінде Нұра өзенінің маңында өзеннен мұздың үстімен өту кезінде 2 көлік су астына кеткен. Олар – «ГазЕЛЬ» (ішінде 3 адам болған) және Mersedes жеңіл автокөлігі (ішінде 6 адам, оның ішінде 2 бала болған). Жүргізушілер мен жолаушылар көліктердің ішінен өздігінен шықты. Зардап шеккендер жоқ.

Автокөліктер мұз астында қалды. Оларды жоғарыға көтеру жұмыстары жеке жүргізілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама