Halyq Uni логотип
×

Жетісайда дәрігерден 2 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Ол жоғары тұрған басшылыққа арыз жазып, дәрігерді жұмыстан шығартатынын айтқан

 Динара Амантай 28.11.2022 | 16:22
Жетісайда дәрігерден 2 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Фото: polisia.kz

Жетісайда медицина қызметкерінен 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер адам оны қорқытып, 2 млн теңге бопсалаған.

Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігі («Қорқытып алу») бойынша Жетісай аудандық ПБ-ға тіркеді. Қылмысты ашу мақсатында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Жетісай аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні 1,5 миллион теңгеге жуық ақшаны алған кезде ұстады. Ол Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Заттай дәлел ретінде жедел уәкілдер ер адамнан ақша тәркіледі.

Белгілі болғандай, күдікті көрсетілген медициналық қызметке көңілі толмағанын алға тартып, медицина қызметкерінен ірі көлімде ақша беруді талап еткен. Бұған қоса, ол жоғары тұрған басшылыққа арыз жазып, оны жұмыстан шығартатынын айтқан.

Қазір бопсалау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауда. Оқиғаның барлық мән жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама