Halyq Uni логотип
×

Қаңтар оқиғасы: Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне күдікті ұсталды

Елнарға 6 қаңтар кешке сағат 18:35 шамасында Назарбаев - Сәтбаев қиылысында оқ жаудырған

 Халық үні 28.11.2022 | 15:33
Қаңтар оқиғасы: Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне күдікті ұсталды
фото: azattyq-ruhy.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҚазҰУ ректорының ұлы Елнар Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп, қаза тапты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын және қамауға алынғанын хабарлады.

Күдікті 2022 жылдың 21 қазанында ұсталды. 23 қазанда оған қатысты соттың санкциясымен «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі Halyq Uni тілшісіне.

Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Алматы қаласында 6 қаңтар кешке сағат 18:35 шамасында комендант сағаты басталғанға дейін көлігімен үйіне қайтып бара жатқан. Назарбаев көшесімен жоғары қарай жүріп келе жатқанда Сәтбаев көшесіне жетпей қиылыста тоқтаған. Осы уақытта белгісіз біреулер кенеттен оқ жаудырған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Елнар Жансейіт Түймебаевтың жалғыз ұлы болған. Одан бөлек Елдана есімді қызы бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама