Ол бұрын да ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған
Биыл 21 қарашада терроризмді насихаттау фактісі бойынша Теміртау қаласының тұрғынына қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының айыптау үкімі заңды күшіне енді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, тергеу және сот оның жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикалдық діни идеологияны таратқанын анықтаған.
Қылмыстық іс материалдарымен оның кінәсі толық дәлелденді. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сондай-ақ оның ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы анықталды.