Мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр
Қазақстанда бір тәулікте 84 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
28 қарашадағы мәлімет бойынша, 1 007 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 131 пациент стационарда, 876 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында алты адамның жағдайы ауыр, екі пациенттің жағдайын дәрігерлер өте ауыр деп бағалаған.
Бір адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Айта кетейік, 27 қарашадағы ақпарат бойынша бір тәулікте 107 адамнан коронавирус анықталған.