Кеңес құрамына Қуаныш Бейсеков, Айзат Құсайынов, Яков Федоров секілді танымал жастар енді
Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Бұл жайында Мемлекет хатшысы Ерлан Қарин Facebook парақшасында жазды.
Кеңес құрамына қоғам белсенділері, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, ауыл, өңір және шығармашыл жастардың өкілдері, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, Президенттік кадр резервінің мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары кірді.
Бұл жастардың барлығы өз саласының майталман мамандары. Өскелең ұрпақтың өзекті мәселелерін жақсы біледі. Әртүрлі жас буынның арасында зор бедел мен сенімге ие, - деп атап өтеді Ерлан Қарин.
Кеңестің жаңа құрамы жастар саясатын жетілдіруге байланысты тұжырымдамалық құжаттар мен ұсыныстарды әзірлеуге атсалысады.