Аязда жаппай жылусыз қалған Екібастұзда ішінара эвакуация басталды
Ауруханадағы науқастар да көшірілуі мүмкін
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Екібастұз қаласындағы жағдайға қатысты соңғы мәліметтерді жеткізді.
14:30-дағы жағдай бойынша: бүкіл әлеуметтік нысанды аралап шықтым. Қиын өмірлік жағдайға түскен балаларды қолдау орталығының тұрғындарын Павлодарға жеткіземіз. Ауруханалар бойынша, көшіріп қалуымыз мүмкін деп әзірге автобустарды дайындап отырмыз. Сәлден соң штабтың отырысын өткіземіз, – деді әкім.
Оның айтуынша, қазір бір қазандық іске иқосылып жатыр. Соның көмегімен температураны 60 градусқа дейін көтеру жоспарланған. Дегенмен төтенше жағдай болғандықтан қауіп те бар.
Одан бөлек, Екібастұздағы ауруханаларға қосымша жылыту құралдары жеткізіліп жатыр.