×

Түркістандық жүргізуші нөмірдің орнына балағат сөз жазып алған

Қазір автокөлік айыптұрағында тұр

 Еркеғали Болатұлы 27.11.2022 | 14:10
фото: polisia.kz

Түркістан қаласында көлігіне бейәдеп сөз жазып алған және автобусқа арналған жолақпен жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды.

Атап айтқанда, қаладағы Бекзат Саттарханов даңғылында маршруттық көлік жүретін жолақпен заңсыз жүрген ВАЗ 2114 автокөлігі анықталды. Бұл жайт бойынша жедел түрде әрекет еткен полицейлер автокөлікті дереу тоқтатып, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы («Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау») бойынша хаттама толтырды.

Сонымен қатар, қала тұрғындарының бірінен жедел басқару орталығына хабарлама келіп түскен. Онда Ата Түрік көшесі бойында ВАЗ 2114 автокөлігі мемлекеттік тіркеу нөмірінің орнына балағат сөздер жазып алғанын көрсеткен. Полицейлер оқиға орнына жетіп, құқықбұзушыны тоқтатты.

Қазір автокөлік айыптұраққа қойылып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы («Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша хаттама толтырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама