Коронавирус жұқтырғандар саны 107 адамға артты
Елімізде кешелі бері 107 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 8-і емделіп шыққан.
Денсаулық сақтау министрлігінің 27 қарашадағы мәліметі бойынша, 990 адам коронавирус инфекциясынан (839+ және 151 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 131 пациент стационарда, 859 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр;
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.