Ол Тәуелсіздік күні қарсаңында табыс етіледі
Жақында денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан ақын Жүрсін Ерманға «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағы берілді. Бұл туралы айтыскерлердің бірі Марат Ахметов Instagram-дағы парақшасына жазды.
Ұстазым Жүрсін Молдашұлын «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағын алуымен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік күні қарсаңында табыс етілуі керек марапат бүгін келіп жатыр екен. Келесі атақтарды аяғыңызбен аттай шауып барып, қасиетті қолыңызбен ала беріңіз! - деп жазды айтыскер.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Жүрсін Ерманның ауыр сырқаттан жансақтау бөліміне түскенін жазған болатынбыз. Кейін оның денсаулығы жақсарып, үйіне оралды.